Биткоин деген не?

Биткоин дегеніміз не? Bitcoin, биткоин, BTC немесе қарапайым тілмен айтқанда "биток" – бұл бірінші децентрализованған валюта, ол адамдарға өз қаражатын толықтай басқаруға мүмкіндік береді. Bitcoin желісі блокчейн технологиясына негізделген және децентрализованған. Желідегі барлық пайдаланушылар тең құқыққа ие, ал қаражат аударымдары ешқандай делдалсыз жүзеге асырылады. Биткоиннің тұрақты жұмысын майнерлер қамтамасыз етеді. Олар арнайы жабдықтар (қуатты процессорлар) арқылы желіні қолдап, жаңа блоктарды өңдейді. Бұл жұмысы үшін майнерлер жаңа биткоиндер түрінде сыйақы алады. Барлық транзакциялар туралы ақпаратты дәл осы майнерлер тіркейді. Биткоин желісінде бірде-бір орталық басқару органы, мемлекет немесе үшінші тарап жоқ, яғни ешкім сіздің әмияныңыздағы деректерді өзгерте, транзакцияны кері қайтара немесе қаражатыңызды бұғаттай алмайды. Биткоин ұсақ бірліктерге бөлінеді, оның ең кішкентай бөлігі 0,00000001 BTC, бұл Сатоши деп аталады (биткоиннің құпия сақталған авторының құрметіне). Жалпы саны 21 миллион монетадан аспайды. Биткоиннің бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады. Соңғы жылдары Bitcoin "цифрлық алтын" деп аталып жүр. Себебі, оны күнделікті төлем құралы ретінде пайдаланудан гөрі, инвестиция және жинақтау құралы ретінде сақтау үрдісі белең алуда.

"Офлайн" режимі